Сарбаздың мектептегі кездесуі

 Ағымдағы жылдың көктемінде мерзімді әскери қызметке шақырылған Шымкент қаласының тумасы Бағлан Алдабергенов 1 қыркүйек күні өзі білім алған №69 орта мектебінің бітіруші сыныптарының оқушыларымен «Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік пен патриотизм» тақырыбында ерлік сабағын өткізді.

 

Кездесу барысында қатардағы жауынгер Бағлан Алдабергенов оқушылармен тез тіл табысып, өткен 5-6 айдың ішінде басынан кешкен қызықты оқиғаларымен, әскерге барғалы өмірінде болған пайдалы өзгерістер туралы бөлісті және армияда жүріп алдыңа қойылған кез-келген мақсатқа жету үшін адам бойында мінез бен тәртіптің болу қажеттігін түсінгенін айтты.

Өткен ерлік сабағы барысында мектеп оқушылары өздерінің көкейлерінде жүрген сұрақтарға жауап пенсарбаздардың күнделікті өмірі туралы толыққанды ақпарат алатын мүмкіндіктерін тиімді пайдаланды.

Сонымен қатар, кездесуге Шымкент қаласы қоғаныс істері жөніндегі департаментінің, ардагерлер қоғамдық бірлестігінің өкілдері мен құқық қорғау қызметкерлері де қатысты.

Олар еліміздің әрбір азаматының Отан алдындағы борышы, міндеттері туралы айтып, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері қатарында игеруге болатын әскери мамандықтар туралы әңгіме жүргізіп, осы мамандықтардың артықшылығы жөнінде әңгіме қозғады.

 

Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.