Семей әуежайына Мұхтар Әуезов есімін беру ұсынылды

QAZYGURT.KZ: Тұрғындар алдында есеп берген ШҚО әкімі Даниал Ахметов Семей әуежайына белгілі жазушы әрі драматург Мұхтар Әуезовтің есімін беруді ұсынды.

«Семей — еліміздегі ең рухани-мәдени орталықтардың бірі. Абай, Шәкәрім және Мұхтар секілді ұлы адамдар осындай қасиетті жерде дүниеге келген. Олардың әрбірінің есімі бәріміз үшін де өте құнды», — деді Ахметов. Өңір басшысының айтуынша, бүгінде Семейде Абай мен Шәкәрімнің құрметіне көшелер аталған, Абай атындағы театр, Шәкәрім университеті бар, енді жаңа «Абай-Арена» мәдени-спорт кешені салынып жатыр. Семей әуежайының ұшып-қону жолағы мен терминалын қайта жөндеу үшін 10,6 миллиард теңге бөлінген. 2019-2021 жылдары Өскемен әуежайында қайта жаңғырту жұмыстары атқарылады. Сондай-ақ, Үржан ауылындағы әуежайдың ұшып-қону жолағы да күрделі жөндеуден өтеді, сол арқылы Алакөл көліне туристерді көптеп шақырмақ. Жобаның құны — 3,6 миллиард теңге. Айта кетейік, облыста Өскеменнен Семейге, Зайсанға, Үржарға және кері бағытқа, сондай-ақ, Үржардан Алматы мен Астанаға ұшатын рейстерге қаржылық көмек көрсетіліп жатыр. Сонымен қатар, шағын авиацияны дамыту аясында Қатонқарағай ауданында туристерге арналған жаңа әуе айлағы пайда болады.

 

АҚПАРАТ көзі: alashainasy.kz

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.