«Сергек» бейнекамерасымен 6 айда 336 мыңнан астам әкімшілік құқықбұзушылық тіркелді

  Жол қозғалысы ережелерін бұзудың 2022  жылдың 6 ай көрсеткіші бойынша, «Сергек» бақылау жүйесіне Шымкент қаласы аумағында жол ережесін бұзған 336 мыңнан астам құқық бұзушылық тіркелді. «Сергек» жүйесі арқылы әкімшілік айыппұлдарды тіркеуден бөлек, қылмысқа және басқада құқықбұзушылықтарға қатысы бар автокөліктерді қала аумағындағы қатынасын анықтауға мүмкіндік береді. Қылмыс ашуда «Сергек» камерасының үлесі мол. Көлік жүргізушілерінің құқық бұзушылықтар бойынша мекенжайларына хабарлама барған күннен бастап 7 тәулік ішінде, салынған әкімшілік айыппұлдың 50 пайыз мөлшерін төлеуге мүмкіндігі бар.            Қазіргі таңда «Сергек қорғау – қауіпті жүргізуші» бағдарламасы Полиция департаментінде 19 сәуірден бастап іске қосылған. Бүгінгі таңда «Сергек қорғау» бейнекамераларының көмегімен 1299 жүргізуші анықталды  (ресейлік нөмірлермен — 1102, армян нөмірлерімен — 110, қырғыз нөмірлерімен — 43, грузин нөмірлерімен — 8, Өзбекстан-19, Қазақстан-4, Беларусь — 2,Әзірбайжан — 1, Болгария — 1) 4982 жол қозғалысы ережелерін бұзудың сомасы айыппұлмен 127 млн 801 мың 875 теңгені құрайды. 1008 автокөлік айыппұл тұрағына қойылды. Мысалыға айта кетсек,  жалған нөмірлері бар Тойота камри-40 автокөлігі 48 жол қозғалысы ережесін бұзған, оған 1 млн 013 мың теңге сомасында айыппұл жазылды.

        Айта өтейік,  «Сергек» бейнекамералары қала ішінде жол-көлік оқиғаларының азаюына септігін тигізуде.

          Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.