Шаһарды абаттандыру ережелерін бұзған кәсіпкерлік нысан иесіне ескерту жасалды

“Таза қала” іс-шарасы  аясында жүргізілген рейд нәтижесінде Шымкент қаласының ПД Әл-Фараби АПБ-ның қызметкерлері абаттандыру қағидаларын бұзу жайтын анықтады. Қаланың сәулеттік келбетіне кері әсерін тигізіп, құрылыс заттарын көше бойына қалдырған кәсіпкерге әкімшілік хаттама толтырылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
ҚР ӘҚБтҚ-нің 505-бабына сәйкес, қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу кәсіпкерлік субъектілерге ескерту жасауға немесе отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Аудан аумағында рейдтік жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатынын хабарлаймыз.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.