Шымкент: 28 жастағы тұрғын құны миллион теңгені құрайтын алтындарды ұрлап кетті

2022 жылдың 9-қазанында, Қаратау аудандық Полиция басқармасының 102 арнасы арқылы 54 жастағы тұрғын арызданған. Ол өз арызында, түнгі сағат 00:10 шамасында белгісіз тұлға үйіне терезе арқылы заңсыз кіріп, шкафтың сөресінде тұрған жалпы құны 1.000.000 (бір миллион) теңгені құрайтын алтын әшекей бұйымдары мен 80.000 (сексен мың) теңгелік «AirPods» маркалы құлаққабын жасырын түрде ұрлап кеткенін жазып көрсеткен. Жәбірленушіге келтірілген жалпы шығын көлемі 1080.000 (бір миллион сексен мың) теңгені құрап отыр.

Аталған жайт бойынша ҚК-тің 188-бабы (Ұрлық) бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру бойынша тіркеуге алынды.

Полиция қызметкерлері аталған хабарламаны алған бойда, күдіктінің жеке басын анықтауға бағытталған қажетті шараларды қабылдап, жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде, жергілікті жердің 28 жастағы тұрғыны күдікті деп танылып, тәулік ішінде қала аумағында қолға түсті. Қазіргі кезде оның басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.