Шымкент: «Арбат» демалыс аймағында нашақорлыққа және есірткіге қарсы науқан өтті

Шымкент қаласы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері мен қала әкімдігінің ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» мамандары бірлесіп, «Арбат» демалыс аймағында нашақорлыққа және есірткіге қарсы науқан өткізді. Сонымен қатар, оған қаламыздың еріктілер тобы мен жанашыр тұрғындар жұмылдырылды.
Аталған іс-шараның мақсаты — азаматтарды салауатты өмір салтын ұстануға баулу, оны насихаттау, қоғамды есірткіге қарсы қою, есірткіге қарсы иммунитетті барынша көтеру және есірткімен байланысты құқық бұзушылықтарға тосқауыл қою болып табылады.
Іс-шара барысында демалушыларға тегін арнайы дәрумендер және жемістерден жабдықталған қорапшалар үлестірілді.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.