Шымкент: Карантин режимін бұзу жайттары анықталды

Карантин режимін бұзу жайттарын анықтау мақсатында Шымкент қаласы Полиция департаментінің аудандық басқарма қызметкерлері арнайы құрылған мобильді топпен бірлесіп ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы бойынша барлығы 864 бұзушылық анықталды. Оның ішінде мобильді топпен – 663, ал қоғамдық тәртіпті сақтау кезінде полиция қызметкерлерімен – 201 жайт. Аталған жайттар бойынша жинақталған іс-құжаттар санитарлық-эпидемиологиялық қызметке жолданды.
— Түнгі клубтар, кафелерде, ресторан, компьютерлік клубтар, букмекерлік контораларда – 166;
— Шаштараздарда, массаж салондарында, монша, сауна, әсемдік салондарында – 42;
— Той немесе басқа да жиын өткізгендер – 99;
— Дүкендерде, сауда үйлерде, базарларда– 245;
— Демалыс аймағында – 2;
— Басқа да орындарда – 114;
— Көпшілік орында бетпердесіз жүргендер -196.
Карантин режимін бұзу фактілеріне сараптама жүргізу барысында төмендегі нысандар бірнеше рет құқықбұзушылықтарға жол бергені анықталды:
— Абай ауданы, «Шафран» кафесі -2
— Абай ауданы, «Метро» түнгі клубы -2
— Әл-Фараби ауданы, «Арзан» дүкені -4
— Әл-Фараби ауданы, «Донер» орталығы -3
— Әл-Фараби ауданы, «Мерей» тойханасы -7
— Әл-фараби ауданы, «Жұлдыз» мейрамханасы -3
— Әл-фараби ауданы, «Чехов-PUB» кафесі -5
— Әл-фараби ауданы, «Shelby» караоке-клубы -5
— Әл-фараби ауданы, «АВАЗ-АТА» азық-түлік дүкені -9
— Әл-фараби ауданы, «FC» интернет клубы -7
— Еңбекші ауданы, «Злиха» саунасы -2
— Еңбекші ауданы, «Татьяна» саунасы -2
— Қаратау ауданы, «RoyaL Rose» тойханасы -3

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.