Шымкент: Мектеп оқушыларына «Есірткісіз болашақ» атты профилактикалық сабақтар ұйымдастырылды

  Мемлекет басшысымен 2022 жыл – Балалар жылы болып жариялануына орай, Ішкі істер министрлігінің тапсырмасымен Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері жасөспірімдер арасында нашақорлықтың алдын алу бойынша «Есірткісіз болашақ» атты арнайы профилактикалық сабақ өткізді.

         Іс-шараға Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі полиция майоры Бауыржан Карбеков, Жергілікті полиция қызметі басқармасының аға инспекторы Бауыржан Жұмабеков, қалалық «Психикалық денсаулық орталығының» нарколог-маманы Ұлжан Жанмолдаева және «Ренессанс Шымкент» медициналық емдеу-оңалту ортағының маманы Анатолий Ичетовкин қатысты. Олар №39 мектептің оқушыларына есірткінің зияндығы мен қауіп-қатерін, нашақорлыққа шалдығудың салдарын және есірткінің заңсыз айналымымен байланысты құқықбұзушылықтар үшін белгіленген жауапкершілікті түсіндіріп, салауатты өмір салтын ұстану қажеттілігін ескертті.

«Қазіргі уақытта нашақорлық қоғамдық ауқымдағы маңызды мәселе болып тұр. Жастар арасындағы нашақорлықтың алдын-алудың бір жолы түсіндірме жұмыстарын жүргізу болып табылады. Жасөспірімдерді салауатты өмір салтын ұстануға шақырамыз»,-деді полиция майоры Б. Карбеков.

         Жиын барысында мамандар тәжірибе жүзінде есірткі таратушыларды байқаған жағдайда, әрекет ету тәртібі туралы толыққанды көрсетіп, зиянды  әдеттерден аулақ болып, салауатты өмір салтын ұстанып, бос уақытында пайдалы істермен айналысуға үгіттеді. Кездесу соңында мектеп оқушылары тиісті сала мамандарына көкейлеріндегі жүрген сұрақтарын қойып, жауаптар алып, өзара еркін пікір алмасты.

                 Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.