Шымкент: Мемлекеттен қайтарымсыз қаржы аламын деп, 100 мың теңгесінен айырылды

2022 жылдың 11-желтоқсанында, сағат 10:15-те Әл-Фараби АПБ-на жергілікті жердің тұрғыны арызданған. Ол өз арызында, үш айдан бергі танысы «Мемлекет тарапынан қайтарымсыз қаржы (грант) 1 200 000 (бір миллион екі жүз мың) теңге алып беремін» деп, 100 000 (жүз мың) теңге ақшасын алаяқтық жолмен иемденіп алғанын жазып көрсеткен.

Аталған дерек ҚР ҚК-тің 190-бабы 3-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Полиция қызметкерлері хабарды алған бойда, жедел-іздестіру жұмыстарына кірісті. Нәтижесінде, тәртіп сақшылары күдікті азаматшаны тәулік ішінде қала аумағында қолға түсірді. Ол Шымкент қаласының 35 жастағы тұрғыны болып шықты, жұмыссыз. Бұрын-соңды сотты болмаған.

Тергеу барысында ұсталған азаматша заңсыз әрекетке қаражаттан қысылғандықтан барғанын және бұл үшін өкінетінін жеткізді.

Қазіргі уақытта күдіктінің алған ақшаны өз қажеттілігіне жаратып жібергені белгілі болды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.