Шымкент: Нашақорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған қызметті үйлестіру жөніндегі өңірлік ведомствоаралық штабтың алғашқы мәжілісі өтті

Ағымдағы жылдың 25 желтоқсанында Шымкент қаласы Полиция департаментінің ұйымдастыруымен және қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқанның төрағалығымен «ZOOM» платформасы арқылы онлайн режимде Шымкент қаласында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылға бағытталған қызметті үйлестіру жөніндегі өңірлік ведомствоаралық штабтың алғашқы мәжілісі өтті.
Аталған мәжіліске штаб құрамына енгізілген мүдделі мемлекеттік органдардың басшылары тікелей қатысып, күн тәртібіндегі негізгі сұрақтар қаралды.
Сонымен қатар, қатысушылармен қаладағы есірткі бизнесі және нашақорлық ахуалы, олармен күресуде және алдын алуда мемлекеттік органдар арасында өзара әрекеттестік барысы, бұл бағыттағы жұмыстардың тиімділігін одан әрі арттыру жоспарлары, осы саладағы өзекті мәселелерді анықтау және бірлесіп шешу жолдары талқыланды.
Мәжіліс қорытындысы бойынша штаб төрағасымен бірқатар мемлекеттік органдар жетекшілеріне нақты тапсырмалар кешені беріліп, оларды іске асыру барысын қатаң бақылауға алу тапсырылды.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.