Шымкент: «Пәтер» іс-шарасы барысында 27 пәтер ұрлығы ашылды

   ҚР ІІМ-НІҢ нұсқауына сәйкес, Шымкент қаласы аумағында мамыр айының 19-21-і аралығында «Пәтер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті.

      Аталған іс-шараның мақсаты — пәтерлер мен үй иеліктерінен ұрлыққа байланысты қылмыстардың алдын алу, жолын кесу және ашу болып табылады. Шара кезінде полицейлер халық арасында өз мүліктерін сақтау туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

      Үш күндік шара аясында барлығы 27 пәтер ұрлығы ашылды. Нақтырақ айтсақ, Абай АПБ бойынша — 7, Әл-Фараби АПБ бойынша — 7, Еңбекші АПБ бойынша — 6, Қаратау АПБ бойынша 7 қылмыс деректері ашылды.

      Пәтер ұрлығы  үшін іздеуде жүрген 1 қылмыскер құрықталды.

      Шымкент қаласының полиция қызметкерлері азаматтарды қырағы болуға және өз мүліктеріне сақ болуға шақырады.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.