Шымкент полицейлері жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында студенттермен кездесті

Мегаполисте кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтарды алдын алу және оларды болдырмау, сондай-ақ жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру, жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, бос уақытын тиімді пайдалануға баулау Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлерінің басты назарында.
Осы орайда Жергілікті полиция қызметі ювеналды полиция инспекторларының тарапынан бұл бағыттағы жұмыс күшейтіліп, құқық бұзушылыққа бейім балаларды анықтау, олармен жеке-дара тәрбие жұмыстарын жүргізу, ата-аналарымен, тәрбие ортасымен тығыз байланыс орнатып, олардың сабақ уақытында және әрбір тыс жерлерде қадағалаусыз қалмауын қамтамасыз ету, сондай-ақ қала көлемінде орналасқан ресторан, кафе, түнгі клубтарда және көшелерде кәмелетке толмағандардың беймезгіл уақыттарда жүріс-тұрыстарын, қылмыстардың алдын алу мақсатында рейдтер мен іс-шаралар жүргізілуде.
Атап айтқанда, Әл-Фараби АПБ-ның ювеналды полиция инспекторлары №6 колледждің студенттерімен кездесіп, жасөспірімдер арасындағы заңға қайшы мінез-құлықтың алдын алуға бағытталған профилактикалық сұхбат жүргізілді. Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оларға білікті жауаптар алды. Кездесу соңында мектеп инспекторлары студенттерге салауатты өмір салтын ұстануға, бос уақыттарын тиімді пайдалануға және спортпен шуғылдануға кеңес берді.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.