Шымкентте абаттандыру қағидасын бұзған азамат анықталды

2021 жылдың 21-мамырында Шымкент қаласы ПД Қаратау ауданы ПБ Жергілікті полиция қызметі бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары «Қайтпас-1» шағынауданында рейдтік іс-шаралар жүргізді.

Рейдтік іс-шара нәтижесінде Орталық көшесіне  ағаш қалдықтарын тастаған азаматқа ҚР ӘҚБтҚ-нің 505-бабы 1-бөлігі 1-тармағымен (Қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру) әкімшілік хаттама толтырылды. Абаттандыру қағидасын бұзғаны үшін тұрғынға ескерту жасалды

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.