Шымкентте ағымдағы жылдың 27 маусым мен 3 шілде аралығында 229 қылмыс тіркелген

Шымкентте ағымдағы жылдың 27 маусым мен 3 шілде аралығында 229 қылмыс тіркелген. Оның ішінде, 67 ұрлық, 62 алаяқтық, 5 бұзақылық, 6 тонау мен 3 денсаулыққа ауыр зиян келтіру және 17 есірткімен байланысты қылмыс тіркелген. Полицейлердің жедел әрекетінің нәтижесінде орын алған қылмыстардың 66,8 пайызы ашылды. Мәселен, Әл-Фараби АПБ-ның қызметкерлері жергілікті тұрғынды ашық түрде тонауға оқталған азаматты ұстап, қамауға алды. Өз кезегінде оңай жолмен ақша табуды көздеген азамат алдын-ала жоспар құрған. Күдікті ер адам өзінің қылмыстық жоспарын көше бойынан көрген қызға асырмақшы болады. Содан жасөспірімнің артынан барып, оның мойнында тұрған бағалы әшекейін алу мақсатында, күш қолданған. Алайда, жаяу жүргіншілер жолымен өтіп бара жатқан жолаушылар күдіктінің теріс әрекетіне жол бермеген. Аталған жайт ҚР ҚК 24-191 бабы тонауға оқталу  бойынша тіркелді. Нәтижесінде қылмыскер 3 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ, қылмыстардың басым бөлігін құрайтын ұрлықтың ішінде 10 пәтер ұрлығы тіркелген. Осы тектес  қылмыстардың басым бөлігі тәуліктің түнгі уақыттарында орын алуда. Абай және Қаратау аудандарында пәтер ұрлығы көбірек тіркелген. Қазіргі таңда олардың алдын алу мен ашу бағытында полиция үздіксіз жұмыс атқаруда. Сонымен қатар алаяқтық қылмысының ішінде интернет арқылы жасалатын алаяқтық жайты артып отыр. Соңғы аптада қаламыздың 10 тұрғыны осы қылмысты кәсіп еткен алаяқтарға алданды. Қазіргі таңда тіркелген істермен жан-жақты тергеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл қылмыстардың көпшілігі “Инстаграм”, “Колеса”, “ОЛХ”, “Крыша.кз” әлеуметтік сайттары мен “Каспий”, “Еуразия”, “Халық” интернет банкингтерін қолдану арқылы жасалатынын естеріңізге саламыз. Осы орайда, полицейлер мегаполис тұрғындарын қандай да бір қылмыстың, заңбұзушылықтың құрбаны немесе куәгері болған жағдайда, тез арада орын алған жайт туралы «102» арнасына хабар беруді сұрайды.

Құрметті қала тұрғындары! Сіздердің мүліктеріңіздің сақталуы көбінесе өздеріңізге байланысты. Осы ретте, алаяқтардың құрбаны болмас үшін, тұрғындарды сақ болуға және жеке мәліметтерді бейтаныс азаматтармен бөліспеуге шақырамыз.

Ал, жол қауіпсіздігі бойынша жалпы тәртіп бұзушыларға қатысты                       ҚР ӘҚБтК-нің тиісті баптарымен 5000-нан астам хаттама толтырылып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде: жалған мемлекеттік белгісін орнатып басқару – 3, күн көзінен күңгірттеу – 361, қарама-қарсы бағытқа басқару – 2, мас халде көлік басқарған 3 жүргізуші анықталды. Сондай-ақ,   72 автокөлік айыптұраққа қойылды.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.