Шымкентте бұзақылық жасаған азамат ұсталды

2021 жылдың 19-мамырда Шымкент қаласы Полиция департаменті Әл-Фараби аудандық полиция басқармасының «102» сымтетігіне қала тұрғыны арызданды. Ол өз арызында, белгісіз тұлға автокөлігіне заңсыз кіріп, сөмкесінен 700 АҚШ доллар және 36.000 теңге ақшасын жасырын түрде ұрлап кеткенін көрсеткен.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Әл-Фараби аудандық полиция басқармасы Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 35 жастағы азаматты анықтап, ұстады. Тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.