Шымкентте дүкеннен ұстара ұрлаған ұры анықталды

2021 жылдың 6-шілдесінде Әл-фараби АПБ-на жергілікті жердің тұрғыны арызданды. Ол өз арызында, Шымкент қаласының дүкендерінің бірінде белгісіз тұлға құны 22.470 теңге тұратын 2 дана «Джиллет» маркалы ұстарасын ұрлап кеткенін көрсеткен.
Аталған жайт бойынша Әл-фараби АПБ КПБ қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Шымкент қаласының тұрғынын анықтап, ұстады. Тексеру амалдары жүргізілуде.
Өз кезегінде, Шымкент қаласының полицейлері азаматтарға абай дүкен иелеріне сақтық шараларын ұстануды, бейнекамера және дабыл құралын орнатуға кеңес береді.

 

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.