Шымкентте газ құбырын жүргізіп беремін деп, тұрғынның 125 000 теңгесін иемденіп кеткен азамат анықталды

Еңбекші АПБ-на  жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында ағымдағы жылдың сәуір айында бейтаныс азамат өзін  газ құбырын жүргізетін мекеменің қызметкерімін деп таныстырып, тұрғынның үйіне газ құбырын жүргізіп беремін деп 125 000 теңгесін иемденіп, осы уақытқа дейін газ құбырын орнатпай және ақшаны қайтармай жүргенін көрсеткен.

Аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігімен (Алаяқтық) қылмыстық іс тіркеліп, криминалдық полиция бөлімі қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде жергілікті тұрғын анықталып, тиісті басқармаға жеткізілді. Қазіргі таңда азаматтың басқа да қылмыстарға қатысының бар-жоқтығы тексерілуде.

Өз кезегінде, Шымкент қаласының полицейлері азаматтарға абай болуға және бейтаныс азаматтарға ақша бермеуге кеңес береді. Егер Сіз алаяқтықтың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, тез арада 102 нөміріне хабарласыңыз.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.