Шымкентте ішімдікке салынып, анасының мазасын алған азамат наркологиялық диспансерге орналастырылды

2022 жылдың 11-қазанында, Еңбекші ауданы Полиция басқармасының 102 арнасы арқылы жергілікті жердің тұрғыны арызданған. Ол онда, ұлының алкогольді ішімдікке құмар болып, теріс жолға салынғанының әсерінен үйлерінде отбасылық жанжалдың жиілеп кеткендігін айтқан.

Мән-жайды анықтау үшін көрсетілген мекенжайға Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторлары Ж.Тасқұлова мен А.Төребай,  сол аумаққа бекітілген учаскелік полиция инспекторы М.Оразбекұлы барып,  жағдайдың жай-жапсарымен танысты.

«Кез келген алкогольді ішімдікке салынған тұлғаны тура жолға салу, қоғамда өз орнын табуға көмектесу, денсаулығын жақсарту, мәселені тамырымен жою оңай емес. Бұл әр түрлі сала мамандарын полиция, психолог, дәрігер, жергілікті атқарушы органдар және жақын туыстары қамтитын кешенді жұмысты талап етеді. Біз мұндай жайттарға атүсті қарамай, тиісінше заңға сай қызмет етудеміз», — дейді Ж.Бегалықызы.

Қазіргі таңда анасының арызы бойынша 35 жастағы ұлы наркологиялық диспансерге бір  айға емделуге орналастырылды.

Осы тұста тәртіп сақшылары жайсыз отбасылар мен түрлі отбасындағы зорлық-зомбылық салдарынан жанұя мүшелерінің зардап шегетінін айтты. Сондай-ақ, оларға қатысты күш көрсету, кемсіту, ұрып-соғу жайттары бойынша заң жүзінде жауапкершілік қарастырылғанын ескертті.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.