Шымкентте қалтасында есірткі алып жүрген азамат ұсталды

2021 жылдың 1-желтоқсан күні сағат 21:20 шамасында Шымкент қаласы Полиция департаменті Абай АПБ учаскелік полиция инспекторларыПатрульдік полиция полкінің қызметкерлерімен бірге өздеріне бекітілген әкімшілік аумақта қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, құқық бұзушылықтардың  алдын алу мақсатында патрульдеу кезінде күдік тудырған азаматты байқайды.

Тексеру барысында аталған азаматтың қалтасынан 1 дана полиэтилен пакетке оралған өсімдік тектес кептірілген хош иісті есірткіге ұқсас затыанықталып, тәркіленіп алынды.

Аталған жайт бойынша, Шымкент қаласының тұрғыны анықталған затты қайдан алғаны және қандай мақсатта алып жүргені бойынша тексерілуде. Қазіргі таңда аталған азаматқа қатысты ҚР ҚК-нің 296-бабы 2-бөлігімен (Есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) қылмыстық іс тіркеліп, тергеу амалдары жүргізілуде.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.