Шымкентте қоғамдық көлік жаяу жүргінші басып кетті

Шымкентте қалалық автобус бағдармшамның жасыл түсіне өтіп бара жатқан адамды соғып кетті деп хабарлайды NUR.KZ сайтына сілтеме жасаған qazygurt.kz.

Шымкентте қоғамдық көлік жаяу жүргінші басып кетті 

Бағдаршамның қызыл түсіне өтпек болған автобус адамды соққан.  Оқиға куәгерінің айтуынша, 19 тамызда ол Солтүстік шағын ауданында келе жатып, жол қиылысында тоқтаған. Ал артында келе жатқан автобус қызыл түске өтіп кетпек болады. Осы уақытта бағдаршамда тұрған адамдар жолдан өте бастайды да, автобус олардың бірін соғып кетеді.

Қазақстанда автобустардың қатысуымен жол апаттары жиі болып тұрады. Соңғы екі аптада Алматы және Қарағанды облысында осындай екі жол апаты туралы белгілі болды. Салдарынан 15 адам зардап шекті.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.