Шымкентте мониторинг жүргізу барысында карантин режимін бұзу жайттары анықталуда

Еңбекші ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері қауіпсіздік шараларын күшейту мақсатында жүргізілген рейд кезінде 2021 жылдың 30 маусымында  сағат 02:23-те Шымкент қаласы, Жәнібеков көшесі №65 үйде орналасқан «Grassy» караоке клубы карантиндік талаптарды сақтамай жұмыс жасап жатқаны анықталды. Караоке клубына келушілерді  түнгі сағат екіден кейін  келушілерді қабылдап жатқаны  белгілі болды.

Аталған жайт бойынша, карантин талаптарын ескермей жұмысын жалғастырған караоке клуб әкімшісінен түсініктеме алынды. Жинақталған    іс-құжаттар шара қолдану үшін ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) бойынша Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері мен аудандық әкімдік өкілдерінен жасақталған мобильді топ өкілдері карантин талаптарының сақталуын қатаң қадағалауда.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.