Шымкентте өткен жылы 800 қоқыс жәшігі орнатылды

Шымкентте көшелер мен саябақтарда қоқыс жәшіктерін орнату бағдарламасы аясында өткен жылы 800 қоқыс жәшігі орнатылды. Олар шаһардың басты 17 көшесі мен аудан ішіндегі көшелерде, саябақтарда, аялдамаларда, білім беру мекемелерінде, медициналық мекемелерде, алаңдарда, сауда орталықтарының алдында және басқа да қоғамдық жерлерде орнатылды. Ол үшін қазынадан — 8,6 млн. теңге бөлінген. Бұл туралы қалалық энергетика және тұрғын үй — коммуналдық шаруашылық басқармасы мәлім етті. Олардың айтуынша, екі қоқыс жәшігінің арасы ережеге сай 50 метрден алшақ болмауы тиіс екен. Адамдар көп жүретін жерлерде бір жерде екі қоқыс жәшігі орнатылыпты. Бұл қоқыс жәшіктерінің ауқымы мен биіктігі бұрынғыларына қарағанда үлкенірек. Қар мен жаңбыр жауғанда қалқан болатын қалпақшасы да бар.

Ал, 2019 жылы тағы 500 қоқыс жәшігін орнату  жоспарда бар. Жалпы қала бойынша 3 мыңға жуық қоқыс жәшіктері орнатылған.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.