Шымкентте прокурор мен тергеуші 2 миллион теңге пара алу үстінде ұсталды

Кеше Оңтүстік қазақстан облысы прокуратурасының қызметкері және Абай АІІБ-нің таргеушісі 2 миллион теңге пара алып жатқан жерінен ұсталды.

Айта кетелік, Бас прокуратураның Ішкі тергеу департаменті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бюросымен бірлесіп кәсіпкердің арызы бойынша жедел іздестіру шаралары жүргізілген болатын. Нәтижесінде Оңтүстік Қазақстан облысы   прокуратурасының қызметкері және Абай АІІБ-нің тергеушісі 2 миллион теңге пара алып жатқан жерінде ұстады.

Ұсталғандар салық төлеуден жалтарған ЖШС басшылығын жауаптылыққа тарпау үшін пара алған екен.

Аталған факті  Қылмыстық кодекстің 366 бабы 3 тармағында көзделген қылмыс қүрамына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру тізіміне тіркелді.

Тағы бір пара алу оқиғасымен Шымкент қалаында тексеріс қорытындысын оң шығарғаны үшін аса ірі көлемде пара алған шенеуніктер тұтқындалған. Оңтүстік Қазақстан облысы Тексеру комиссиясының төрағасы Сырым шалабай мен мемелекеттік аудитор біржан Құдияров 7 миллион теңгеге жалған құжат жазып беруге келіскен. Сонымен, комиссия төрағасы Сырым Шалабай  уақытша ұстау қапасына қамалса, оның қоластындағы қызметкері кінәсін мойындап, тергеуге көмектескендіктен бостандықта жүр. Ал Сырым Шалабай болса, төрағалық қызметте бір жыл жұмыс істеу тұрып, басы дауға қалып отыр.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.