Шымкентте субұрқақтар маусымы ашылды

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне орай Шымкентте субұрқақтар маусымы ашылды.

Бұл жылы субұрқақтар әдеттегіден ерте іске қосылды. Жөндеу, тазалау жұмыстары ерте көктемде басталған.

Мамандар, қала тұрғындары мен қонақтарына Наурыз мерекесі қарсаңында жан-жақты керемет көңіл-күй сыйлау үшін сәулеттік безендірумен қатар субұрқақты да іске қосқанын айтады.

Субұрқақтар жазымен және күздің алғашқы айында тұрғындарға салқындық сыйлайтын болады.

Ал одан соң, ақпанда әдеттегідей келесі жаңа маусымға дайындайды.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.