Шымкентте «Тарихи тұлғалар: ұлттық тәрбие және сабақтастық» атты республикалық форум өтті

Ғылым және жоғары білім министрлігі ұйымдастырған республикалық форумға Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Жандос Жұмабаев қатысты.

Баяндама барысында спикер құқыққа қайшы әрекеттерге баруға студенттің де, оқытушының да мүмкіндігі мен ниеті болмайтындай жағдайлар жасау қажеттігін атап өтті.  Бұл ретте Академиялық адалдық негізгі қағидаға айналуы керек.

Сондай-ақ форумға қатысушылардың назарын жоғары білім беру саласында ашықтық пен парасаттылықты ілгерілету бойынша бұрын қабылданған ұсынымдар мен стандарттарға аударды.

Оның айтуынша, бүгінде көптеген жоғары оқу орындарында Академиялық адалдық қағидаттарын енгізу арқылы сыбайлас жемқорлықты жоюдың табысты мысалдары аз емес. Осыған орай жемқорлыққа қарсы әдістерді одан әрі жетілдіріп, жастар арасында адалдықты тәрбиелеу, комплаенс-қызметтерді енгізу қажеттігін хабарлады.

Сөз соңында студенттер мен ата-аналар Агенттіктің 1424 Call-орталығынан хабардар екенін мәлімдеп, аталған нөмірге келіп түскен хабарламалар туралы айтты.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.