Шымкентте заңсыз сауда жасағандар анықталды

Шымкент ҚПД Қаратау АПБ қызметкерлері аудан заңсыз сауда жасаушыларға кезекті рейдтік іс-шараларын жүргізді. Рейд барысында «Асар» шағынауданындағы Алматы-Шымкент айналма жол бойында белгіленбеген орында сауда-саттық жасап жатқан азаматтар анықталды.
Жабайы саудамен айналысып жатқан тұлғаларға ҚР ӘҚБтК-нің 204-бабы (Белгiленбеген орындарда сауда жасау) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Әкімшілік аумаққа жауапты учаскелік полиция инспекторлары ретсіз саудамен айналысып жүрген азаматтарға профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, ескерту жасады.
Айта кетерлігі, бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта тұрақты түрде жүргізілетін болады.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.