ШЫМКЕНТТЕ: ЖОЛ АПАТЫНАН 1 АДАМ ҚАЗА ТАПТЫ

Ағымдағы жылдың 16 шілде күні кешкі сағат 20:00 шамасында Шымкент қаласы Еңбекші ауданы Абдулабад ауылы, Абдулабад көшесінің бойында жол-көлік оқиғасы орын алғаны туралы хабарлама келіп түскен. Аудандық полиция басқармасының қызметкерлерінен шұғыл топ құрылып, оқиға орнына барды.

 

Тәртіп сақшыларының анықтауынша, сағат 20:00 шамасында 4 жолаушысы бар “ВАЗ 21099” маркалы автокөлік Төле би ауданынан Шымкент қаласы бағытына қарай қозғалған. Осы сәтте жол бойымен өтіп бара жатқан жылқыларды қағып, қарсы бағытқа шығып кеткен. Салдарынан, қарсы бағытта келе жатқан “Volkswagen Passat” маркалы жеңіл көлікпен соқтығысып, жол- көлік оқиғасын жасаған.

 

Жол апатынан “ВАЗ 21099” маркалы автокөліктің жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Сондай-ақ көліктің тағы 4 жолаушысы түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.

 

Қазіргі таңда, ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі “Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бойынша іс қозғалды. Қажетті  сараптамалар тағайындалды.

 

Шымкенттік полицейлер  жолда сақ болуды және жол жүру ережелерін сақтау керектігін ескертеді. Жылдамдықты шамадан тыс асырмай, жол белгілеріне мұқият болуға кеңес береді.

 

Шымкент қ. ПД-нің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.