Шымкентте жол белгілері орнатылуда

Шымкент қаласы Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасы Жол техника инспекция бөлімінің қызметкерлері қала көшелерінде зерделеу жұмыстарын қарқынды жүргізуде.

Шапырашты көшесінің қиылысындағы жол айрығының жол таңбалары сызылды.

Сонымен қатар, Шымкент қаласы көшелеріне ҚР Жол жүрісі қағидаларының 3.24 (ең жоғарғы жылдамдықты шектеу 40км/сағ) 4 дана, 3.24 (ең жоғарғы жылдамдықты шектеу 20 км/сағ) 4 дана жол белгілері орнатылуда.

Сондай-ақ, білім мекемелерінің алдына жол белгілері қойылып, оқушылардың қауіпсіздігі жан-жақты қамтамасыз етіліп жатыр. Мәселен, Сайрам шағынауданындағы мектеп алдына  1 дана «жасанды жол кедергісі» орнатылды.

Құрметті қала тұрғындары мен көлік жүргізуші азаматтар, Сіздерді жол ережесін қатаң сақтауға шақырамыз.

 

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.