Шымкентте «Жолда қабылдау» акциясы өтуде

Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері ағымдағы жылдың 21-22 мамыр аралығында «Жолда қабылдау» республикалық акциясын онлайн-форматта өткізуде. Іс-шараның мақсаты – азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, өңір тұрғындарының заң саласында кездесетін түйінді мәселелерін дер кезінде шешу болып табылады.
Акция барысында полиция қызметкерлері азаматтарды қызықтырған сұрақтарға Шымкент қ. ПД-нің «Instagram» (https://instagram.com/police_shymkent?utm_medium=copy_link) және «Facebook» (https://www.facebook.com/profile.php?id=100027655879383) әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшаларында жүргізілетін тікелей эфир арқылы жауап беруде.
«Жолда қабылдау» акциясының 2-ші күнінде (22-мамыр) тікелей эфирде жол қауіпсіздігі бойынша сұрақтарға сағат 9:00 – 9:40 аралығында Шымкент қ. ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының инспекторы полиция майоры Нұрлан Ермекбай, сағат 10:00 – 10:40 аралығында Шымкент қ. ПД Әкімшілік полиция басқармасы жол-техникалық инспекция бөлімінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы полиция подполковнигі Серік Жақсылықов жауап береді.
Сонымен қатар, акция уақытында тұрғындар 8 (708) 345 65 74 телефон нөміріне хабарласып, өз мәселелері бойынша кеңес ала алады.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.