Шымкенттік криминалистерге дактилоскопиялық және суық қару бойынша зерттеу жүргізу құқығын растайтын куәліктер берілді

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Жедел-криминалистикалық басқармасының және аудандық бөлімшелерінің 11 қызметкері Алматы қаласының Полиция департаментінде дактилоскопиялық және суық қаруды зерттеу әдістемелері бойынша емтиханнан өтті.

Біліктілік емтиханын Қазақстан Республикасы ІІМ Жедел-криминалистикалық департаментінің бастығы полиция полковнигі С.А.Садықов қабылдады. Емтихан нәтижесі бойынша қызметкерлерге криминалистикалық зерттеулердің екі түрін: дактилоскопиялық және суық қару бойынша зерттеу жүргізу құқығын растайтын куәліктер салтанатты түрде тапсырылды. Сондай-ақ, Жедел-криминалистикалық департаментінің бастығы қызметкерлерге біліктілік куәліктерін алуымен құттықтап, оларға жұмыстарына сәттілік және бұдан әрі білімін шыңдай беруін тіледі.

«Біздің жұмыс әрқашан ізденіп, кәсіби шыңдалуымызды талап етеді. Қылмыстың дер кезінде ашылуы бірінші кезекте криминалист мамандардың біліктілігіне байланысты. Осы орайда, өткен біліктілік курсынан алған білімімізді бұдан әрі жұмыста нәтижелі қолданатын боламыз»,- дейді Жедел-криминалистикалық басқармасының аға криминалисті полиция подполковнигі Мұрат Уркинбаев.

 

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.