Шымкенттік полицейлер 3 орам резеңке ленталарын жымқырған ұрыны ұстады

2021 жылдың 9-шілдесінде Әл-фараби АПБ-ның «102» нөміріне Шымкент қаласының тұрғыны арызданды. Ол өз арызында, Шымкент қаласында орналасқан цемент зауытының аумағында, аталған зауыттың қызметкері әр қайсысының ені — 1,5 метр, ұзындығы 200 метр 3 орам резеңке ленталарын жымқырғанын жазып көрсеткен.
Тәртіп сақшылары ұрлық жайты болған мекенжайға тез арада жетіп, жедел іздестіру жұмыстарына кірісті. Көрген-білгендерден сұрастырып, көршілерден сауалнамалар жүргізді.
Полицейлердің жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, ұрлық жасаған азамат ұсталды. Ұсталған азаматтың басқа да қылмыстарға қатысы бар екендігі анықталуда. Тексеру амалдары жүргізілуде.
Осы орайда, Шымкент қаласының полицейлері азаматтарға жеке мүлікке мұқият болып, сақтық шараларын мейлінше қолдану қажеттігін ескертеді.

 

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.