Шымкенттік полицейлер автокөлік бөлшегін алып беремін деп, 455000 теңге ақшасын алдап алып кеткен азаматты анықтады

Еңбекші АПБ-на 2021 жылдың 31-шілдесінде жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында, танысына 2020 жылдың желтоқсан айында «Мерседес» маркалы автокөлігіне матор бөлшегін алып беру үшін жалпы көлемі 455000 теңге бергенін жазған. Алайда танысы осы уақытқа дейін алып беруге уәде еткен «Мерседес» маркалы автокөліктің маторын, не алған ақшасын қайтармай жүргендігін көрсеткен.

Еңбекші АПБ Криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілдерімен жүргізілген жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, Шымкент қаласының тұрғыны анықталып, басқармаға жеткізілді.

 

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.