Шымкенттік полицейлер карантин режимін бұзған дәмхананы анықтады

Шымкент ҚПД Еңбекші ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері күнделікті карантин талаптарының сақталуын бақылау мақсатында рейдтік іс-шара жүргізуде. 2021 жылдың 25-мамырында сағат 13:20-да аудан аумағында орналасқан «Кәусар» кафесі карантиндік шектеулерді бұзып, жиын өткізіп жатқанын анықтады. Нақтырағы, 4 үстелде жеке-жеке 12 адамнан асатын келушілер әлеуметтік арақашықтықты сақтамай отырғандығы белгілі болды. Сондай-ақ, қызметкерлер мен даяршылар кафе ішінде бір реттік бетпердені толық тақпай қызмет көрсеткен.

Аталған жайт бойынша, карантин талаптарын ескермей жұмысын жалғастырған кафе әкімшісінен түсініктеме алынды. Жинақталған іс-құжаттар шара қолдану үшін ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) бойынша Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды.

Осы орайда, Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері бекітілген қаулыға бағынбай, әлі күнге той-жиын өткізіп жатқан тұрғындарға бұл өздерінің ғана емес, өзгелердің де өміріне қауіп төндіріп жатқанын қатаң ескертеді.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.