Шымкенттік полицейлер карантин режимін бұзып, туылған күн өткізгендерді анықтады

Шымкент  ҚПД Еңбекші  ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері карантин талаптарының сақталуын бақылау мақсатында күнделікті рейдтік іс-шара жүргізуде. 2021 жылдың 25-мамырында  сағат 22:58-де  аудан аумағында орналасқан  «Нарлен»  кафесі  карантиндік шектеулерді бұзып             20 адамнан асатын «Туылған күн» өткізіп жатқанын анықтады. Келушілер әлеуметтік арақашықтықты сақтамай отырғандығы белгілі болды. Сондай-ақ, қызметкерлер мен даяршылар кафе ішінде бір реттік бетпердені толық тақпай қызмет көрсеткен.

Аталған жайт бойынша, карантин талаптарын сақтамай жұмысын жалғастырған кафе әкімшісі түсініктеме беруден бас тартқандықтан, акт түзілді.  Жинақталған іс-құжаттар шара қолдану үшін ҚР ӘҚБтК-нің     425-бабы (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) бойынша Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды.

Осы орайда,  Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері бекітілген қаулыны ескермей, әлі той-жиын өткізіп жатқан тұрғындарға бұл өздерінің ғана емес, өзгелердің де өміріне қауіп төндіріп жатқанын ескертеді.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.