Шымкенттік полицейлер карантин режимін бұзып, құдалық өткізгендерді анықтады

Шымкент  ҚПД Еңбекші  ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері карантин талаптарының сақталуын бақылау мақсатында күнделікті рейдтік іс-шара жүргізуде. 2021 жылдың 22-мамырында  сағат 13:49-да  аудан аумағында орналасқан  «Тұмар»  мейрамханасы  карантиндік шектеулерді бұзып  1-ші қабатта 30, 2-ші қабатта  100 адамнан асатын «Құдалық» той өткізіп жатқанын анықтады.

Аталған жайт бойынша, карантин талаптарын сақтамай жұмысын жалғастырған тойхана иесі мен той өткізген азаматтан түсініктеме алынды.  Жинақталған іс-құжаттар шара қолдану үшін ҚР ӘҚБтК-нің  425-бабы (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) бойынша Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды.

Осы орайда,  Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері бекітілген қаулыны ескермей, әлі той-жиын өткізіп жатқан тұрғындарға бұл өздерінің ғана емес, өзгелердің де өміріне қауіп төндіріп жатқанын ескертеді.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.