Шымкенттік полицейлер карантин талаптарына бағынбаған кезекті нысанды анықтады

Шымкент ҚПД Қаратау ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері Нұрсәт шағынауданында орналасқан ойынхана карантин талаптарын елемей, «Ашық» бағдарламасына тіркелмей, жұмыс жасағанын анықтады. Сонымен қатар, кәсіпкерлік нысан жұмысшылары медициналық бетпердесіз қызмет көрсеткен.
Аталған жайт бойынша, жинақталған іс-құжаттар ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабымен (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) шара қолдану үшін Шымкент қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне жолданды.
Осы орайда, Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері қала тұрғындары мен қонақтарын карантин режимін қатаң сақтауға шақырады.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.