Шымкенттік полицейлер телефон ұрысын ұстады

Еңбекші ауданының  Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында, Маметов көшесінің бойында орналасқан демалыс аймағының киім ауыстыру бөлмесінде, шкаф ішінде тұрған құны 84.500 теңге тұратын ұялы телефонын белгісіз тұлға ұрлап кеткендігін көрсеткен.

Аталған жайт бойынша, Еңбекші АПБ криминалдық полиция бөлімі қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шарасын жүргізу барысында ұрлық жасаған азамат анықталды.                                                                                                  

Өз кезегінде, Шымкент қаласының полицейлері тұрғындарға жеке мүлкіне сақ болуға шақырады. Егер сіз ұрлықтың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, тез арада «102» нөміріне хабарласыңыз. Сіздің берген ақпаратыңыз, қылмыстың тез арада ашылуына өз септігін тигізетінін ескеріңіз.

 

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.