Шымкенттік полицейлер террорлық әрекеттер кезіндегі тәртіп ережелері туралы сабақ өтті

2021 жылдың 24-мамырында Шымкент қаласындағы Дарын мектеп-гимназиясында «Террорлық әрекеттер кезіндегі тәртіп ережелері» тақырыбында семинар-сабақ ұйымдастырылды. Семинарға полиция қызметкерлері, мектептің тәрбие жөніндегі орынбасарлары мен 5-11 сынып оқушылары қатысты.
Сабақ онлайн форматта өткізілді.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері экстремизм мен терроризмге қарсы әрекет етудің әдістері жайлы баяндады. Террорлық әрекет кезінде жарылғыш заттардан қорғану жолдары туралы жан-жақты мәлімет берді. Сондай-ақ, семинарда оқушылардың жарылғыш құрылғысын байқап қалған және жарылыс қатері мен жарылыс жасалуы жөніндегі хабар алған кездегі әрекеттері, бұл құрылғыларды өз бетімен залалсыздандыруға жол бермеу, күдікті нәрсенің жанында ұялы телефон құралдарын пайдаланбау жөнінде түсіндірілді.
Сабақ соңында террорлық әрекет телефон арқылы жасырын анықталған жағдайда, атқарылатын іс-әрекеттер туралы бейнероликтер мен жадынамалар берілді.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.