Шымкенттік полицейлер ұялы телефон ұрысын анықтады

2021 жылдың 5-шілдесінде Шымкент қаласы Полиция департаменті Әл-фараби ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында белгісіз тұлға, автокөліктен құны 100.000 теңге тұратын «ОРРО 5АС» маркалы ұялы телефонын ұрлап кеткенін көрсеткен.
Әл-фараби АПБ ЖПҚБ №43 УПП учаскелік полиция инспекторлары жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктінің ізіне түсіп, көп ұзамай қолға түсірді. Ұсталған адамның бұрын Шымкент қаласы аумағында жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар – жоғы тексерілуде.
Әл-фараби ауданы Полиция басқармасының тәртіп сақшылары азаматтардан қырағылық танытуын, бағалы заттарын автокөлік ішінде, дүкенде, ойын– сауық орталықтарында қараусыз қалдырмауын сұрайды.

 

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.