Шымкенттік полицейлер волейбол жарысынан бірінші орын иеленді

Ағымдағы жылдың 1-сәуірінде Шымкент қаласы Полиция департаментінің ұйымдастыруымен волейболдан турнир өтті. Іс-шара Қазақстан полициясының 30-жылдығына және Наурыз мейрамын мерекелеуге орайластырылған.
Жарысқа жалпы 13 команда қатысып,  бірінші орынды Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлерінен құралған команда иеленді. Екінші орын Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қызметкерлері алды. Ал үшінші орынға Ұлттық қауіпсіздік комитетінің командасы орналасты.
Жарыс соңында жүлдегерлер арнайы дипломдар және кубоктармен марапатталды.
Айта өтетіні, мұндай іс-шаралар салауатты өмір салтын ұстануды, спортпен айналысуды дәріптейді.
Сондай-ақ, өңірлік құқық қорғау органдарының тарапынан ұдайы түрде ұйымдастырылып тұрады.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.