Шымкенттік полицейлер зейнеткерлерге құрмет көрсетті

Қаратау АПБ-ның басшылығы және жеке құрамы 25 жылдай ішкі істер органдары саласында қызмет еткен Қаратау АПБ бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Н.Абдрамановты және осы басқарманың анықтау бөлімінің бастығы полиция полковнигі Н.Аскаровты құрметтеп зейнетке шығарып салды. Зейнеткерлерге басқарма бастығының бірінші орынбасары К.Нариман және басқарма бастығының кадр саясаты жөніндегі орынбасары С.Төлегенов арнайы құттықтап иықтарына шапан жапты. Өз кезегінде зейнеткерлер өздерінің әріптестеріне ризашылықтарын айтып жылы лебіздерін білдірді.
Қаратау АПБ жеке құрамы зейнеткерлерді құттықтап және алдағы өмірде зейнеткерліктің бейнетін көрулеріне тілек білдірді.

 

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.