Шымкенттік полицейлер жасөспірімдер арасындағы «Әлімжеттік» тақырыбында сабақ өткізді

2021 жылы 30 – қарашасында  Шымкент қаласы Полиция департаменті Еңбекші АПБ Ювеналды полиция бөлімінің инспекторы полиция капитаны М. Саятов №12 мектеп-гимназиясының оқушыларына жасөспірімдер арасындағы әлімжеттік пен қылмыстардың алдын алу және болдырмау мақсатында сабақ өткізді.

Іс шараның негізгі мақсаты — жасөспірімдер арасындағы қылмысты ескерту және оның алдын алу, оның ішінде білім беру ұйымдарының оқушылар арасындағы құқықбұзушылықтың жолын кесу, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау, олардың құқықтық сауаттылығңын арттыру, сондай-ақ балаларға қатысты қылмыстық қол сұғушылықтардың алдын алу болып табылады.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.