Шымкенттік полицейлер жоғалған жасөспірім қызды тез арада тауып, ата-анасына табыстады

2021 жылдың 18-мамыр күні «102» сымтетігіне Шымкент қаласының тұрғыны 15 жастағы қызының жоғалып кеткені туралы хабарлаған. Анасының айтуынша, қызы аялдамалардың біріне өзінен бұрын түсіп қалып, адасып қалған.

Аталған жайт бойынша, Шымкент қаласы Полиция департаменті Еңбекші ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасын жүргізді. Нәтижесінде, полицейлер жарты сағат ішінде тауып,    ата-анасына аман-есен табыстады.

Өз кезегінде полицейлердің жедел әрекетіне тәнті болған қыздың анасы  полиция қызметкерлеріне алғыс айтып, ризашылығын білдірді.

Осы орайда полиция қызметкерлері ата-аналарға балаларды назардан тыс қалдырмауларын сұранады.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.