Шымкенттік тәртіп сақшылары алаяқтық жәйтін әшкереледі

2021 жылдың 10-қарашасында Әл-Фараби АПБ-на Түркістан облысының тұрғыны арызданған. Ол өз арызында, бейтаныс азамат ХҚКО-нан заңды түрде көлік жүргізу куәлігін алып беремін деп сеніміне кіріп, 90 000 теңгесін аляқтық жолмен иемденіп алғанын көрсеткен.
Әл-Фараби АПБ-ның Жергілікті полиция қызметі бөліміне қарасты учаскелік полиция пунктіні учаскелік полиция инспекторларының жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында қала тұрғыны анықталып, тиісті басқармаға жеткізілді.
Қазіргі таңда аталған күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігімен (Алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлiкке құқықты иемдену) қылмыстық іс тіркеліп, тергеу амалдары жүргізілуде.
Өз кезегінде, Шымкент қаласының тәртіп сақшылары тұрғындарды жеке мүлкіне сақ болуға шақырады. Егер сіз ұрлықтың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, тез арада «102» арнасына хабарласыңыз. Сіздің берген ақпаратыңыз қылмыстың тез арада ашылуына өз септігін тигізетінін ескеріңіз.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.