Шымкенттіктер «Айбын» әскери-патриоттық жиынының жеңімпаздарын қарсы алды

Шымкент қаласының әуе базасында Қарағанды облысында өткен балалар жылына және Қазақстан Қарулы күштерінің 30 жылдығына арналған «Айбын-2022» VIII республикалық жастар жиынында І орынды иеленіп, «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының намысын қорғаған «Болашақ» әскери патриоттық клубы мүшелерін салтанатты түрде қарсы алды.
Жеңімпаздарды туған-туыстары, достары мен жақындары,Шымкент гарнизоны механикаландырылған құрамасыәскери оркестрдің әуенімен күтіп алды.

Бұл күні жастардың жетістіктеріне қуанып, жас жеңімпаздарды«Оңтүстік» өңірлік қолбасшысының тәрбие және идеологиялық жұмыстары жөніндегі орынбасары полковник Ораз Кучуков құттықтап,  жастарды алдағы уақытта білім ошақтарын үздік бітіріп, елінің, отбасының нағыз мақтаныштары және патриоты болуларына тілек білдірді. Сондай-ақ, салтанатты шараға келген Қарулы күштер ардагерлер кеңесінің төрағасы полковник Серікбай Онбаевболашақ Отан қорғаушыларға жігер беріп, бұданда биік белестерді бағындыруға шақырды.

– Бұл республикалық жиында біз өзімізге әскери істің дағдыларын үйреніп, жарыс барысында қызықты адамдармен, танымал қоғам қайраткерлерімен кездесіп, жаңа достар таптық. Осы тартыстыда табанды күресте бізді жарысқа дайындаған нұсқаушылардың және командамыздың ұйымшылдығы арқасында жеңіске жетіп отырмыз. Бізді мұндай әскери оркестрдің әуенімен жоғарғы деңгейде күтіп алып жатқан әскери қызметшілерге, ата-аналарымызға алғысымыз шексіз, – дейді клуб тәрбиеленушісі Әлішер Дастанұлы.

«Айбын» жиыны елімізде жастардың әскери-патриоттық тәрбиесін жетілдіру мақсатында балалар жылы және Қазақстан Қарулы күштерінің 30 жылдығы аясында өткізілді. Жиынға қатысушылар Қазақстан армиясының әскери техникасы мен қару-жарағының заманауи үлгілерін көрді. Сонымен қатар, жарыс қорытындысы бойынша жүлдегер команданың әр мүшесі арнайы дипломмен, медальмен және бағалы сыйлықпен марапатталды.

 

Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.