Шымкенттің әскерилері диверсияға қарсы қауіпсіздігінпысықтады

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының механикаландырылған бригадасында әскерлер қызметін ұйымдастыруға жауапты лауазымды тұлғаларымен, диверсияға қарсы қауіпсіздік тақырыбында сабақ өтті.

 

Сабақ барысындатәуліктік кезекшілік кезінде жеке құрамның қызметінжақсартудың жекелеген іс-шараларын орындау жөніндегі мәселелер, әр түрлі жағдайларда кезекші бөлімшелердің іс-қимыл тәртібі, сондай-ақ бөлім аумағының үстінен ұшқышсыз ұшу аппараты табылған кездегі кезекшілердің іс-қимыл алгоритмі қаралды.

 

— Әскери бөлімнің жоғары жауынгерлік әзірлігін қамтамасыз етудің негізгі жолдарының бірі жалпыәскери жарғылар мен басқа да басшылық құжаттардың талаптарына сәйкес әскерлер қызметін ұйымдастыру болып табылады. Бұл шараларды сапалы жақсарту командирлердің, штабтардың даярлығына тікелей байланысты, — дейді штаб бастығының орынбасары – механикаландырылған бригада әскерлер қызметінің бастығы майор Дархан Жұрғымбаев.

 

Әскери бөлімнің диверсияға қарсы қауіпсіздігі, объектілерге ықтимал шабуылдың алдын алу, аумаққа бөгде адамдардың кіруіне жол бермеу, сондай-ақ қару-жарақ пен әскери техниканың сақталуын қамтамасыз ету үшін жүзеге асырылады.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.