Шымкенттің жарқын болашағы басталды

Жуырда ғана Елбасының Жарлығына сай Шымкентте республикалық маңызы бар қала мәртебесінің берілуін миллионнан астам жұртшылық зор қуанышпен қабылдады. Шымкент енді Еуразия кіндігіндегі айтулы қалалардың біріне айналмақ.

Кешегі кеңестік кезеңнің өзінде өнімдерін шетелге экспорттаумен атағы шыққан Шымкенттің енді қайта дүркіреуіне мүмкіндік тумақ.

Шуақты қаланың сапалы өнімдерімен бірге жайдары қонақжайлылығымен, береке-бірлігімен алыс-жақын елдерді тәнті етіп жүрген атақ-даңқы енді одан да әрі асқақтай түседі деуге болады. Шымкенттіктердің алғырлығы мен ерен қабілеттері жарқырай түсетін болады. Шымкент – береке дарыған, ынтымақ пен татулықты үлгі-өнегесін көрсеткен қала. Оның жұлдызы жарқырай түсетінгідігін зор сеніммен айта аламыз.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.