Смағұл Елубай, жазушы: Латын әліпбиіне көшуде — ғалымдардың ұстанымына тоқтау керек

Латын әліпбиіне өтуіне ешкім қарсылық білдіріп жүрген жоқ. Мен де қарсы емеспін. Тек қана осыған байланысты бір проблеманы айтқым келеді. Егер біз тағы да бұдан әрі Қазақстандағы мектептерді орыс-қазақ мектептері деп екіге бөліп тастайтын болсақ, оның бірі қазақша әліпбимен, екіншісі кириллицамен оқитын болса, сол екі бөлінген ұрпақтың ара жігі ашыла беретін болмақ. Бұл біздің бірлік болсын, тұтастық болсын деген саятсатқа онша сәйкес келмейді. Парламентке ұсынылған латын әліпбиінің нұсқасын ІТ мамандары жасағанын айтып жатыр. Мен де соны түсінбеймін. Негізінен ұсынысты лингивистер жасауы керек еді. Ал, қазір көрінгеннің бәрі жасап жатыр. Латын әліпбиінің Қазақстанның өзінде бірнеше нұсқасы бар. Бұл ертең жастарды да, өзімізді де шатастырады. Сондықтан, ғалымдардың ұстанымына тоқтау керек деп ойлаймын.

sn.kz

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.