СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МАҚСАТЫНДА КЕЗЕКТІ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында жиын өтті.
Кездесуде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға енгізілген өзгерістер, жемқорлықтың алдын алу мақсатында Департаментпен атқарылған жұмыстар, 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат Тұжырымдамасы мен азаматтарды жемқорлық туралы хабарлағаны үшін көтермелеу институты жайында ақпарат берілді.
Бүгінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл аясында негізгі басымдық алдын алуға бағытталғандығы айтылып, сыбайлас жемқорлықтың себептерін жоюдың тиімді құралы ретінде жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды сапалы жүргізу маңыздылығы жеткізілді.
Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлық фактілері туралы нақты мәліметтерді Агенттіктің 1424 Call орталығына хабарлап айтуға болатыны ескертіліп, жиынға қатысушылар тарапынан қойылған бірқатар сауалдарға жауап берді.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.