СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ДІНИ БІРЛЕСТІК ӨКІЛДЕРІМЕН ЖИЫН ӨТТІ

Сарыағаш ауданына арнайы жұмыс сапарымен барған «Түркістан — Адалдық алаңы»жобалық кеңсесінің жетекшісі Нұржахан Абуова «Сыбайлас жемқорлықпен күрес — ортақ іс» тақырыбында этно-мәдени бірлестіктердің өкілдерінің, мешіт имамдарының қатысуымен келелі кездесу өткізді.

«Жалын» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған рухани жиында жобалық кеңсесінің жетекшісі Нұржахан Абуова сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алуға бағытталған Үлгілік базалық бағыт-4 жобасымен таныстырып, негізгі бағыттары мен 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат Тұжырымдамасын түсіндірді.

Игі басқосуда асыл дінімізде пара алу мен пара берудің, делдал болу мен пара ұсынудың өтемі ауыр екендігі кең баяндалып, адал ризықпен келген ас-тағамның маңыздылығы мен оңай олжаның берекесіздігі ортаға салынды.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.